Бейбітшілік корпусы - халықтар арасындағы өзара түсінушілік пен бейбітшілікті нығайту үшін 1961 ж. 1 наурызда АҚШ Президенті Дж. Кеннедидің жарлығымен құрылған бейресми ұйым. Бейбітшілік корпусына әртүрлі мемлекеттердің халықтары арасындағы ынтымақтастық пен өзара көмекке қол жеткізу мақсатында еріктілер тартылады. Оған шетел тілін білетін, Жоғары білімді түрлі маман жастар жасақталып, арнайы дайындықтан кейін, дамып келе жатқан мемлекеттерге 2 жылдық мерзімге жұмысқа жіберіледі. Еріктілер барған мемлекет жағдайына бейімделіп, тиесілі міндетін атқарады. Құрылғалы бері Бейбітшілік корпусының 140 мың еріктілері 115 мемлекет халқына көмек көрсетті. 1992 ж. 22 желтоқсанда Вашингтонда Бейбітшілік корпусы мен Қазақстан арасындағы келісімге қол қойылып, Қазақстан жерінде 130 ерікті (1999) білім беру, экономикалық даму, экология және денсаулық сақтау бағдарламалары бойынша жұмыс жүргізді (1999). Бейбітшілік корпусының орталық аппараты, Чикаго, Нью-Йорк, Сан-Фран- циско к-ларында еріктілер жасақтау орталықтары, АҚШ-та 15 жергілікті филиалдары, 87 мемлекетте бөлімшелері бар (1998). Бейбітшілік корпусы - АҚШ Конгресінің шешімімен қаржыландырылатын, президентке жауапты ұйым. Штаб-пәтері Вашингтонда.[1]
Дереккөздер
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.